Республикалық жолдағы шұңқырларға 1403 нөмірі арқылы шағымдануға болады

30 Сәуір 2024, 03:20
564
Бөлісу:
Республикалық жолдағы шұңқырларға 1403 нөмірі арқылы шағымдануға болады
Фото: baq.kz

Көлік министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" "Халықтық бақылау" жобасын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Халықтық бақылау" жобасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеруге арналған.

Жоба қоғамның еліміздегі жол нысандарының сапасын арттыруға белсенді қатысу үшін бағытталған.

"Халықтық бақылау" жобасының мақсаты – Қазақстанның әрбір азаматы салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру. Көлік министрлігі өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етеді, – деп жазылған ресми хабарламада.

Қазақстандықтар жолдағы шұңқырлар мен тесіктерді байқаған жағдайда 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыра алады. Тіркеу кезінде аты-жөнін, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұратын елді мекен мен облысты көрсету қажет.

Өзгелердің жаңалығы