Еліміздегі су тасқынына байланысты республикалық жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Осы сәттерде Республикалық жедел штабта 6 және 7 шағын аудандарында су басу қаупі туындауы мүмкін Ақмола облысының Жібек Жолы кентінің шекарасын нығайту туралы шешім қабылданды.
Бұл жерге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, ҚР ТЖМ 52859 ә/б және ҚР ҰҰ 6636 ә/б жеке құрамы, әкімдік өкілдері мен еріктілер жіберілді.