Республикалық жедел штаб су басқан өңірлердегі қазіргі жағдай туралы айтты

7 Сәуір 2024, 10:28
540
Бөлісу:
Республикалық жедел штаб су басқан өңірлердегі қазіргі жағдай туралы айтты
Фото: ОКҚ

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте су тасқыны жағдайы бойынша жедел ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы, 1822 саяжай үйі су астында қалып отыр. Бұл - Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы жағдай.

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 72 029 адам құтқарылды, оның ішінде 16 078 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 14 368 адам, оның ішінде 7 200 бала бар, - деп атап өтті ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Оразалин.

7,5 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 950 мың тоннаға жуық қапшық және 976 мың тонна инертті материалдар төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 12 455 адам, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

Республикалық жедел штабтың бақылауында Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары тұр,-деп түйіндеді спикер.

Өзгелердің жаңалығы