Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақтөбе облысындағы Қаратал ауылының жергілікті тұрғындарын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қозғалтқыштары бар үрлемелі қайықтарда 111 адам, оның ішінде 36 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. МИ-8 борты зардап шеккендерді Ақтөбе қаласына жеткізді.