Республикалық автожолдардың 6 учаскесінде жол қозғалысына енгізілген уақытша шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл Ақмола және Қостанай облыстарындағы бірқатар күре жолға қатысты.
Ақмола облысында:
"Екатеринбург-Алматы" тасжолында Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;
"Жақсы-Есіл-Бұзұлық" тасжолында Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
"Жезқазған-Петропавл" тасжолында Қостанай облысы шекарасынан Знаменка ауылына дейін;
Қостанай облысында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолының Октябрьский ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы ашық.
Cондай-ақ "Жезқазған-Петропавл" күре жолының Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығы ашық.