Республикалық шахмат олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

5 Сәуір 2023, 16:27
910
Бөлісу:
Республикалық шахмат олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен оқушылар арасындағы шахматтан республикалық олимпиада мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Астана қаласының командасы, екінші орынды Алматы қаласы және үшінші орынды Батыс Қазақстан облысынан келген команда жеңіп алды. 

«Олимпиада халықаралық шахмат федерациясының ережелері бойынша рапид (командалық) форматында өтті. Төрешілер құрамы оқушылардың шеберліктері мен талаптарын жоғары бағалап отыр. 2-11 сынып оқушылары арасында алғаш рет өткен бұл бастама әрі қарай жалғасын табады», – дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Сағдат Садықов. 

Шахматтан республикалық олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық 2-11 сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталды.

Өзгелердің жаңалығы