Республикалық Мұқағали оқулары қорытындыланды

19 Маусым 2024, 02:43
315
Бөлісу:
Республикалық Мұқағали оқулары қорытындыланды
Фото: gov.kz

Елімізде жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 51 оқушы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, жас таланттарды рухани қолдау, шығаршалылықты жандандыру.

Қатысушылар жалпы үш бағыт бойынша сынға түсті:
«Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Жыр эстафетасы» және «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» сайысы.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, әр бағыттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды: Бас жүлде – 3 жеңімпазға, I орын – 3, II орын – 6, III орын – 9 жүлдегерге табысталды.

Сондай-ақ әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы