Республикалық маңызы бар жолдардың 26 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңыздағы 26 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

 baribar.kz 4 Наурыз 2023 2023, 04:21
4 Наурыз 2023 2023, 04:21
1174
Фото: baribar.kz

Республикалық маңыздағы 26 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

4 наурыз сағат 01:20-дағы ақпаратқа сәйкес еліміздің 9 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 26 учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар өңірлерінде республикалық тасжолдар жабық, - деп жазды ведомстводан.

Жол қозғалысына шектеу енгізілген тасжолдар туралы қосымша ақпарат алу үшін мынау сілтемеге өту қажет.

Наверх