Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Утенбаев республика көлемінде жұмыс қалай жүргізіліп жатқаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда республиканың 8 облысында 14 республикалық маңызы бар жолдарда өр түспеулігімен судың ағуы байқалады. Атап айтқанда Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары,-деп атап өтті маман.
Сондай- ақ атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Бүгінгі күні әр жолдарда жалпы 319 бірлік техника мен 629 адам жұмыс атқарып жатыр. Автомобиль жолдарының өтіс бөлігінде судың өтпеуі үшін жолдың жиегінде құмшағал қоспасын орналастырылу, құм толтырылған қаптарды орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр,-деді ол.