Республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

1 Сәуір 2022, 12:25
1438
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су басып кету қаупі бар учаскелер тізімі жасалып, 250-ден астам учаске анықталып отыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазАвтоЖолдың» әр өңірлік филиалы көпір асты аймақтарды, су өткізу құбырларын қардан тазалап, ашып жатыр. Сонымен бірге көпір арналарын тазалау, су тасқынын болдырмау үшін инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасуда, - делінген хабарламада. 

Күн сайын аталмыш жұмыстарға 600-ге жуық арнайы техника және 1 мыңнан астам жол қызметкері жұмылдырылуда.

Бұдан басқа, су тасқыны қаупі бар кезеңде бригадалардың тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіліп отыр. Учаскелерге бақылау орнатылып, қажетті материалдар қоры дайын тұр.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық компания қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

Өзгелердің жаңалығы