Республикалық маңызы бар жолдар бақыланады

15 Қараша 2022, 03:20
1133
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар жолдар бақыланады

Күннің күрт бұзылуына орай күре жолдардағы бақылау күшейтілді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Мамандардың айтуынша, қар тәулік бойы тазартылып, құм-тұз қоспалары уақытылы себіліп жатыр. Бұл шаруаға 300-ден астам арнайы техника мен 400 жұмысшы жұмылдырылды. Қазір республикалық маңызы бар жолдар ашық.

Бірақ «Қазгидромет» жолаушылар мен жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Себебі бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр, боран мен көктайғақ болады деген болжам бар. 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Штаттан тыс жағдай туындаса, 1403 нөмірі арқылы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына хабарлау керек. Сall-орталық тәулік бойы жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы