Республикалық маңызы бар тасжолдар ашылды

6 Наурыз 2023, 16:21
927
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар тасжолдар ашылды
Фото: kazgazeta.kz

Күн райының жақсаруына байланысты 11 республикалық маңыздағы тасжол бөлігінде жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы арасы) және "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тасжолы (Әулиекөл кенті-Октябрь кенті арасы) ашық. 

СҚО-да "Екатеринбург-Алматы", "Жезқазған-Петропавл", "Көкшетау-Рузаевка", "Қарасай батыр м.к кіреберіс жолы", «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы", “Рощинское-Корнеевка-Волошинка", "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево", «Тимирязева-Сарыкөл-Қостанай өңірінің шекарасы» тасжолдары ашық. 

Ақмола облысында "Көкшетау-Рузаевка" тасжолы (Көкшетау қаласы- СҚО шекарасы арасы) ашық.

Өзгелердің жаңалығы