Республикалық маңызы бар бірқатар жолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді - ИИДМ

24 Наурыз 2022, 11:02
1544
Бөлісу:
Республикалық маңызы бар бірқатар жолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді - ИИДМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрініс шектелуі) республикалық маңызы бар бірқатар жолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда:

Ақмола облысы бойынша
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 377-440 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласының аралығы
 
Павлодар облысы бойынша
"Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" а/ж 200-254 шақырымы, Шідерті қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы
"Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерты" а/ж 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының аралығы
 
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" а/ж 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылы аралығы
 
Қарағанды облысы бойынша
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысы шекарасының аралығы
 
Қостанай облысы бойынша
"Жезқазған-Петропавл" а/ж, 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы.
"Жезқазған-Петропавл" а/ж 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығы
 
Қазіргі таңда қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 24 сағат жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, Қазақавтожол Серіктестігінің 1090 бірлік арнайы қысқы техникасы мен 3500-ден астам қызметкерлері жұмылдырылған.

Боран қаһарына мініп тұрған соңғы 5 күннің ішінде жолшылардың күшімен 100-ден астам көлік құралына көмек көрсетіліп, олардың 37-сі жылы бокстарға жеткізілсе, 500-ден астам жолаушы Серіктестіктің жылыту пункттеріне орналастырылды.

 

Өзгелердің жаңалығы