Республикалық бюджеттен кандидаттарға қанша қаражат бөлінеді?

19 Ақпан 2023, 19:00
2844
Бөлісу:
Республикалық бюджеттен кандидаттарға қанша қаражат бөлінеді?

Бұл туралы ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Конституциялық заң бойынша республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына өз бағдарламаларымен сөз сөйлеуіне, сайлау алдындағы көпшілік шараларын өткізуіне, үгіт материалдарын шығаруына кеткен шығындары және кандидаттардың ОСК белгілейтін мөлшердегі көлікке жұмсаған шығындары жабылады, - деді ол.

Бірақ партиялық тізімдер бойынша сайлауға түсетін кандидаттарға республикалық бюджеттен қаражат бөлу көзделмеген. 

Сайлау заңнамасының жоғарыда аталған нормаларын іске асыру үшін ОСК кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы төрт қаулы қабылдады.

Ол бойынша республикалық бюджеттен Мәжіліс депутаттығына кандидаттың шығыстары мөлшері 950 мың теңге, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың шығыстары мөлшері 550 мың теңге, қалалар және аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың шығыстары мөлшері 350 мың теңге көлемінде деп белгіленді, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.    

Өзгелердің жаңалығы