Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Дені сау ұлт» ұлттық жобасының екінші бағыты бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылып жатыр. Жалпы республикада инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2022 жылдың өткен кезеңінде 25 инфекциялық ауру жағдайлары, оның ішінде тырысқақ, оба, туляремия, паратиф, іш сүзегі, сіреспе, дифтерия, полиомиелит, қызамық бойынша тіркелген жоқ. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12 нозология бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр биыл 21 мамырда биологиялық қатерлерді ерте анықтауға, уақтылы ден қоюға және оның алдын алуға бағытталған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңның қабылданғанына тоқталды.
2021 жылдан бастап біз инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың заманауи моделіне көштік, коронавирус инфекциясын болжау және оған ден қою жүйесі құрылды, бұл инфекцияның ден қою және алдын алу шараларын жедел түзетуге мүмкіндік берді. Биыл біз вакцинамен басқарылатын инфекцияларды үлгілеуге, болжауға және ден қоюға кірістік, - деді Ажар Ғиният.