Республика күні. Ыстанбұлда мереке өзгеше тойланды

25 Қазан 2022, 18:03
2445
Бөлісу:
Республика күні. Ыстанбұлда мереке өзгеше тойланды

Ыстанбұлда еліміздің Республика күні өзгеше тойланды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы ұйымдастырған мерекелік шара әлемнің ең көркем жерлерінің бірі саналатын Босфор бұғазында өтті. Ыстанбұл, Бурса, Измир және Сакарья сияқты қалаларда тұратын белсенді азаматтарымыз бен оқитын студенттеріміздің басы арнайы әзірленген және безендірілген кемеде қосылды.

Республика күні. Ыстанбұлда мереке өзгеше тойланды

Ыстанбұлдың Үскүдар ауданы мэриясының қолдауымен «Валиде Сұлтан» кемесінде өткен салтанатты шара мемлекеттік әнұранмен басталып, серуен барысында жастардың концерттік бағдарламасы және зияткерлік ойындарымен жалғасын тапты. Қазақстандықтар көңілді атмосферада бірге патриоттық әндер шырқады.

Республика күні. Ыстанбұлда мереке өзгеше тойланды

Кештің ашылу сөзінде Бас консул Әлім Байел Республика күнінің маңыздылығына тоқталып, Бас консулдықтың жыл бойы атқарған қызметі мен болашақ жоспарлар жайлы ақпарат берді. Қазақ-түрік стратегиялық ынтымақтастығының қарқынды дамып жатқанының астын сызған Ә.Байел Түркиядағы қазақтарды оның ілгерілеуіне үлес қосуға шақырды. Дипломат биылдың өзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға және Түркия Президенті Р.Т. Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапарларының өткенін атап өтті.

Республика күні. Ыстанбұлда мереке өзгеше тойланды

Мерекелік кештің шарықтау шегі Ыстанбұлдың символы болып саналатын Азия мен Еуропаны жалғап тұрған әйгілі Фатих Сұлтан Мехмет көпірінің кемедегі көпшіліктің бірауыздан берген белгісімен Қазақстан туының түстерімен жарықтандырылуы болды. Кеменің жан-жағы да көк байрақтарымызбен безендірілді. Бұл – Түркияның Республика күнімізге деген ерекше құрметі.

Өзгелердің жаңалығы