Республика аумағында кезекті «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

13 Маусым 2019, 14:53
2392
Бөлісу:
Республика аумағында кезекті «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-15 маусымда қазақстандықтар алдын ала жазылусыз өздерінің шұғыл мәселелерін шешу үшін полиция басшылығына тікелей жүгіне алады.

"Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары арнайы «мобильдік» қабылдау бөлмелерінде тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді" - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орындарын және «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ» телефондарының нөмірлерін ІІМ ресми порталынан, полиция департаменттерінің кіші порталдарынан, сондай-ақ +7 (7172) 43 76 13 телефоны арқылы білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы