2024 жылғы 12-14 қазанға арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы арктикалық суық антициклон эпицентрінде болады, еліміздің басым бөлігінде қар жауады, республиканың орталығында және шығысында көріну қашықтығығын нашарлататын қатты қар жауады, ал жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады деп болжануда.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Еліміздің батысында ғана антициклонның әсерінен ашық ауа-райы болжанады, бірақ антициклон түнгі температураның 5-10 градус аязға дейін төмендеуін күшейтеді, қалған аумақтарда термометрлер 2-10 градус минус белгіге дейін төмендейді, тек оңтүстік аймақтарда түнде 5-10 градус жылы күтіледі.