Республика бойынша ауа райы ашық болады

<h4>Астана, BAQ.KZ.&nbsp;21 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр жауады, республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.&nbsp;</h4>

 21 Наурыз 2019 2019, 09:07
21 Наурыз 2019 2019, 09:07
2596

Астана, BAQ.KZ. 21 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр жауады, республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Кей аймақта тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерінде тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерінде түнде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерінде жел 15 м/с күшейеді.

 

Наверх