Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Жалпы республика бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 400-ден астам көлік зақымданып, жойылды, оның ішінде 346 ішкі істер органдарының көлігі. Тонаушылар 100-ден астам ірі сауда нысаны мен банкті тонап кеткен. Алдын ала келтірілген шығын 87 миллиард теңгеден асады. Құзырлы органдардың беделіне нұқсан келтіру мақсатында қылмыскерлер полиция қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің киімін киіп, заңсыз әрекеттерге барған. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті бүкіл елде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады, - деді ол.
Ерлан Тұрғымбаев көлік құралдарының қозғалысына, кіруіне және шығуына, құжаттарды тексеруге, жеке заттарын, автокөліктер мен жүктерді тексеруге шектеулер енгізілді, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу және басқа да шаралар қабылданғанын жеткізді.