Respublica партиясы: ОСК 23 адамды тіркеп, екі кандидатты тізімнен шығарды

15 Ақпан 2023, 15:42
1886
Бөлісу:
Respublica партиясы: ОСК 23 адамды тіркеп, екі кандидатты тізімнен шығарды
Фото: inform.kz

Respublica партиясының екі кандидаты партия тізімінен шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясына екі азаматтың олардың осы партияның партиялық тізімінен шығару туралы өтініштері ресми түрде келіп түсті. 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов 2023 жылғы 8 ақпанда ОСК-ға Respublica партиясы қоғамдық бірлестігі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға партиялық тізімді ұсыну туралы құжаттарын тапсырғанын айтты. 

Respublica партиясы 25 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. ОСК уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлауну үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді, - деп айтты ОСК мүшесі отырыста.

Оның айтуына қарағанда, ОСК-да екі кандидаттар оларды осы партияның (Respublica – ред.) партиялық тізімінен өз еркімен шығару туралы өтініштері ресми тіркелді.

Дархан Серікұлы Иманашевтің 2023 жылғы 10 ақпандағы өтініші ОСК-ға 14 ақпанда түсті. Олжас Абзалұлы Сұлтановтың 2023 жылғы 11 ақпандағы өтініші ОСК-ға 14 ақпанда түсті. «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 90-бабының 1-тармағына сәйкес, Respublica партиясының партиялық тізімінен олардың өтініштері негізінде Дархан Серікұлы Иманашевті, Олжас Абзалұлы Сұлтановты шығару бойынша ОСК өз құзыреті шеңберінде тиісті шешімдер жобаларын дайындады, - деп айтты Шавхат Өтемісов отырыста.

Сөзінше, осыны ескере отырып партиялық тізімде 23 адам, оның ішінде 8 кандидат әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар тізімнің 34,8%-ы. Белгіленген квота сақталып отыр. Сонымен қатар тізімдегі барлық адам заңның талаптарына сәйкес келеді.

Respublica партиясы алдыңғы Парламент сайлауына қатысқан жоқ. Сол себепті «САйлау туралы» Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес партия тізімін тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуі тиіс. Жарна сомасы партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшері( яғни 15 АЕК*70 000=1 050 000 теңге). Respublica партиясы сайлау жарнасын толығымен төледі, - деп айтты ол.

ОСК мүшелері 2023 жылғы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға ұсынылған Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінен Дархан Серікұлы Иманашев пен Олжас Абзалұлы Сұлтановты шығару туралы хаттама мен қаулыны қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы