Респираторлық инфекциялардың 200-ден астам қоздырғышы бар – дәрігер

17 Ақпан 2021, 17:09
2803
Бөлісу:
Респираторлық инфекциялардың 200-ден астам қоздырғышы бар – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл вирустық аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту және постковидтік асқынулар туралы айтты.

Маманның айтуынша, қазір вирустық сипаттағы респираторлық инфекциялардың 200-ден астам қоздырғышы бар. Ең көп таралған қоздырғыштарға А және В тұмауы вирустары, риновирустар, параинфлуа вирустары (1-4 түрі), тыныс алудың синцитиалды вирусы, коронавирустар және аденовирустар жатады. 

Жақында коронавирус серотиптері (MERS-CoV, SARS-CoV, NL63 және HKU) және энтеровирус, бокавирус және метапневмовирус сияқты жаңа вирустар ашылды. 

2019 жылдың желтоқсанында SARS-CoV-2 вирусы алғаш рет анықталды.

Тыныс жолдарының инфекциясы негізінен ауа тамшылары мен байланыс арқылы тарайды. Науқас түшкіргенде немесе жөтелгенде ауаға шырыш бөлшектері шашырайды да, екінші адам демалғанда ауа арқылы жұғады. Диаметрі 10 мкм-ден аз ұсақ бөлшектер  1,8 метр арақашықтықта жұғуы мүмкін. Көптеген вирус жоғары тыныс жолдарының инфекциясын туындатады. Мысалы риновирустар, бірақ төменгі тыныс жолдарының инфекцияларына, ал тұмау вирустарына, кейде өкпе паренхимасына да әсер етеді. Кейбір инфекциядан некроз және жасуша өлуі мүмкін, - деді ол.

Егде жастағы адамдар, жас балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары (астма, қант диабеті, жүрек-тамыр аурулары) барлар және иммунитеті әлсіреген адамдар респираторлық инфекцияларға бейім келеді. 

Көбінесе вирустық пневмония жиі асқынады.

Вирустық пневмония тез өршиді және көп пациенттің 24 сағат ішінде тыныс алуы нашарлайды. Яғни жедел механикалық желдетумен тыныс алу қажет болады, - деп түсіндірді Манар Смағұл.

Өзгелердің жаңалығы