Ресейлік вакцина қазақстандықтарға егіле ме?

7 Қыркүйек 2020, 15:28
1489
Бөлісу:
Ресейлік вакцина қазақстандықтарға егіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы  өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Гамалея атындағы ресейлік институт қажетті вакцинаны бірінші болып тіркеді. Біз Ресейдегі вирусология ғылымының жоғарылығын бағалаймыз. 24 тамызда біз үкіметтік делегация құрамында алдын ала келісімшартқа қол қойдық. Ол бойынша Ресей Қазақстанға алғашқылардың бірі болып вакцинаны сатуға міндеттеледі, - деді ол. 

Скляр атап өткендей, вакцинаны егу, екпеу үшінші кезеңнен кейін белгілі болады. 

Алайда ол сынақтың үшінші кезеңінен кейін жүзеге асырылады. Қазір сынақтың екі кезеңі аяқталды. Үшінші кезең желтоқсан айына таман аяқталады. Оның қамту ауқымы кеңейеді. Барлық сынақ өткен соң, вакцинаны  сатып алу бойынша шешім қабылданады. Аталған келісімшарт барлық процедура  өткен соң сатып мүмкіндігі үшін жасалды - деді Скляр.

Өзгелердің жаңалығы