Ресейлік шоттан миллиондар ұрлаған күдікті Ақтөбе облысында ұсталды 

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдікті Ресей салымшыларының 160 миллион рублін алып, Алға қаласына тығылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.</h4>

24 Қыркүйек 2019 2019, 15:25
АВТОР
 24 Қыркүйек 2019 2019, 15:25
24 Қыркүйек 2019 2019, 15:25
2146

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдікті Ресей салымшыларының 160 миллион рублін алып, Алға қаласына тығылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

59 жастағы күдіктіні Ресейдің Ішкі істер министрлігі іздеді. Күдікті Челябі облысы Магнитогорск қаласындағы «УралСИБ» ААҚ салымшыларының шотындағы 155 миллион рубльді, кейін 5 миллион рубльді алып кеткен. Халықаралық іздеу жарияланып, күдікті Алға қаласынан табылды.

«Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды, кейін Ресей полициясына береміз. Жалпы «Іздеу» алдын алу шарасы кезінде қылмыстық іске қатысы бар 14 адам ұсталды. Олардың бесеуі ТМД елдері аумағында іздеуде жүр. Сонымен қатар бұрын із-түзсіз жоғалды деп хабарланған 8 адам анықталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Наверх