Ресейлік бидайды сатқан кәсіпкерден ұйымдасқан қылмыс жасады деген күдік алынды

27 Ақпан 2023, 12:01
750
Бөлісу:
Ресейлік бидайды сатқан кәсіпкерден ұйымдасқан қылмыс жасады деген күдік алынды
Фото: elorda info

Бидайды Ресейден сатып алып қазақстандық астық түрі ретінде шетелге заңсыз экспорттаған кәсіпкерден ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасады деген күдік алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі 3 кәсіпкердің мүліктік залал келтірді деп күдікке ілінгенін мәлімдеді (ҚК-нің 195-бабы 4-бөлігі). Өйткені олар бидайды Ресей Федерациясынан сатып алған, содан кейін қазақстандық астық түрі ретінде шетелге заңсыз экспорттаған.

Тергеу мәліметтері бойынша кәсіпорын иесі қылмыстық құқық бұзушылықты жасау үшін компания қызметкерлерімен бірге қылмыстық топ құрған.

Мұнда қылмыстың экономикалық құрамы болған жағдайда ғана кәсіпкерлер қамаққа алынатынын ескеру қажет.

Алайда ҚК-нің 262-бабы кәсіпкерлерді қамаққа алуға негіз болды.

ҚК-нің 262-бабы адам үшін ауыр зардаптарға әкеп соғады. Жазаның жалғыз түрі – бас бостандығынан айыру, шартты түрде соттауды болдырмайды. Біз ҰҚТ деген күдік негізсіз тағылған деп санаймыз, өйткені бұл үшін жоғары ұйымшылдық пен тұрақтылық түріндегі бірқатар белгі болуы тиіс. Басшылық пен бағынысты жұмысшылар арасындағы жұмыс қатынастарын өздігінен  қылмыстық топ құру және оған қатысу деп тануға болмайды, – деді Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры Данияр Ахимбеков.

Осыған байланысты қадағалаушы прокурор құқық бұзушылық құрамы белгілерінің болмауына байланысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша 3 адамды қылмыстық қудалауды тоқтатты.

Салдарынан күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы үй қамаққа ауыстырылды.

Мемлекет мүддесі үшін мүліктік залал келтіру фактісі бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Прокурордың міндеті – азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу, - деп түйіндеді Данияр Ахимбеков.

Өзгелердің жаңалығы