Ресейлік байқаушы: Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған

Бақылаушылар Астана қаласындағы бірнеше учаскені аралаған.

 видеодан скриншот Кеше 2026, 15:52
Кеше 2026, 15:52
144
Фото: видеодан скриншот

Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Кеңесінің конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі, сенатор Артур Кохоев Қазақстандағы референдумның ұйымдастырылуына жоғары баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, халықаралық бақылаушылар миссиясы бірнеше күн бойы дайындық кезеңін бақылап, дауыс беру күні учаскелерді аралаған.

Біз бірнеше күннен бері әріптестерімізбен бірге дайындық процесін бақыладық. Бүгін дауыс беру учаскелеріне барып, референдумның қалай өтіп жатқанын көрдік. Біздің бағалауымыз бойынша, референдум өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ұйымдастыру және техникалық жағынан көптеген мәселе ескерілген, – деді ол.

Сенатордың сөзінше, дауыс беру учаскелерінде барлық азаматтарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға да қолайлы жағдай жасалған.

Біз адамдардың учаскелерге келіп, өз таңдауын жасап жатқанын көрдік. Атмосфера өте жақсы, адамдар белсенді түрде қатысып жатыр, – деді Артур Кохоев.

Бақылаушылар Астана қаласындағы бірнеше учаскені аралаған.

Біз таңертеңнен бастап Астанадағы оннан астам учаскеде болдық. Комиссия хатшыларымен, бақылаушылармен және еріктілермен сөйлестік. Жалпы алғанда, біздің ойымызша, референдум халықаралық нормаларға сай өтіп жатыр, – деді сенатор.

Оның айтуынша, референдумды бақылауға әртүрлі халықаралық ұйымдардан жүзден астам бақылаушы қатысуда.

Артур Кохоев Қазақстан тәжірибесі көптеген елдер үшін қызықты екенін де атап өтті.

Қазақстанда маңызды мәселелер бойынша референдум жиі өткізіледі. Бұл – демократияның айқын көрінісі. Референдумның мәні – азаматтардың көпшілік дауыс арқылы елдің болашағына қатысты шешім қабылдауы, – деді ол.

Наверх