Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санкция салынған барлық ресейлік банктер SWIFT жүйесінен ажыратылады.
Бұл туралы euronews хабаралады.
Сонымен қатар Ресей банкі активтерін тоқтату жоспарланған, деп хабарлады Германияның министрліктер кабинетінің баспасөз қызметі батыстық көшбасшылардың кеңесінен кейін.
АҚШ, Франция, Канада, Италия, Британия, Германия мен Еуропалық комиссия санкцияны қатаңдату бойынша шешімді қабылдады.
Халықаралық қауымдастықтың санкциясына түскен барлық ресейлік банк халықаралық SWIFT төлемдер жүйесінен ажыратылатын болады. Бұл шара аталмыш ұйымдарды халықаралық қаржылық ағымдардан оқшаулау үшін жасалып отыр, осылайша ресейлік банктердің жаһандық қызметі шектеледі, - делінген хабарламада.
Ресей Украинадағы арнайы операциядан бас тартпаса қосымша санкциялар да қабылдануы мүмкін деп хабарлады Германияның министрліктер кабинеті.