Көрші елден үдере көшіп келген педагог мамандар елімізге жұмысқа тұра ала ма? Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрге журналистер тарапынан «көшіп келген ресейліктер мұғалім болып жұмысқа тұра ала ма?» - деген сұрақ қойылды.
Біздің бағдарламамыздың өз талабы бар. Бұл бріншіден! екіншіден, мұғалімдіктен өту үшін ұлттық біліктілік тестінен өту керек. Ұлттық біліктіліік тесттен өткен жағдайда ғана мұғалім болып тұруға болады. Бізде оқу жылы басталып, тарификация аяқталды. Сондықтан, мектепке ешкім жұмысқа тұра алмайды, - деді министр AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.