Ресейден келген дәрігерлер өңірлерге де барады – вице-министр

6 Шілде 2020, 21:35
2074
Бөлісу:
Ресейден келген дәрігерлер өңірлерге де барады – вице-министр
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына Ресей ТЖМ арнайы рейсімен Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігері келді.

Медицина қызметкерлері COVID-19 коронавирустық індетіне қарсы іс-қимыл бірлескен іс-шаралар және ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келісімдері шеңберінде келіп отыр. 32 адамнан тұратын топқа эпидемиолог, вирусолог, реаниматолог  және басқа да бейінді бағыттардағы дәрігерлер кірді.


3945C2FD-8EB1-4116-B0D4-797B5EBAE58F.JPEG

Бүгін бізге Ресей Федерациясы денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гридневтің басшылығымен 32 адамнан тұратын ресейлік әріптестер тобы келді. Бұл сапар еліміздің басшылығы деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында өтті. Сапардың негізгі мақсаты – коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу. Қазақстандық және ресейлік дәрігерлер арасында бұрыннан қалыптасқан тығыз байланыс бар екені құпия емес. Бұл өте маңызды, өйткені бүкіл әлем бүгінде коронавируспен ауырған науқастарды әрі қарай емдеудің жаңа тәсілдері мен жолдарын іздеп жатыр. Жалпы, Ресей Федерациясының дәрігерлері, эпидемиологтары біздің қазақстандық әріптестерімізбен Нұр-сұлтан қаласында, сондай-ақ эпидемиологиялық шиеленіскен өңірлерде: батыс немесе оңтүстік өңірлерде жұмыс істейтін болады, - деді ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов кездесу барысында.

Марат Шоранов  іс жүзінде ресейлік дәрігерлер мен қазақстандық дәрігерлердің тығыз тәжірибелік байланысы, тәжірибе алмасу, екі тараптың әдіснамалық консультациясы жоспарланып отырғанын жеткізді. 

7865FAF3-929B-4297-8828-B248E7911D22.JPEG
Дәрігерлердің елімізде қанша мерзімге қалу мәселесі шешілуде. Қажет болған жағдайда сапарды ұзартуы мүмкін. Белгілі бір аймақтағы жағдай тұрақтанғанға дейін қажет болса, ресейлік әріптестер бізбен бірге болуға дайын екендігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, біз қазақстанық және ресейлік дәрігерлердің жұмыстарын еліміздің әр өңірінде қолжетімді қылу мақсатында еліміздегі инфекционист-дәрігерлер, эпидемиологтармен онлайн режимде семинар өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға Ресейлік дәрігерлер көмекке келгендігі туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы