Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарында оқитын жетісулық 102 студент Томск қаласы арқылы Алматы әуежайына оралды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Елге оралған студенттер 2 автобуспен Қапшағай маңындағы демалыс орнына жеткізіліп, орналастырылды. Студенттер екі күн карантинде болады. Оларға демалыс орны аумағынан сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Демалыс орнында бірінші кезектегі қажеттіліктермен толық қамтамасыз етіледі.
Бұл орында карантин талаптары мен санитарлық-дезинфекциялық шаралардың қатаң сақталуын тиісті сала мамандары бақылайтын болады. Кіреберісте полиция посты орнатылған. Студенттердің барлығы КВИ-ге тест тапсырды. Қорытындысы шыққаннан кейін олар тұрғылықты жерлеріне таратылатын болады.