Ресейдегі жаппай төбелес: Қазақстандықтар қамауға алынды

ҚР СІМ қазақстандықтардың қатысуымен Ресейде жаппай төбелеске қатысты ұсталғандар туралы мәлімдеді.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 10:14
Бүгiн 2026, 10:14
333
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысында қазақстандықтардың қатысуымен болған жаппай төбелеске қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. СІМ мәліметінше, бірнеше адам 10 тәулікке қамалып, үшеуі тергеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ведомствоның хабарлауынша, 28 наурыз күні Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қызметкерлері Усть-Лугадағы вахталық кентте жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарымен, соның ішінде тұрмыстық жанжал салдарынан ұсталғандармен кездескен.

Еске сала кетейік, бастапқыда тәртіпсіздікке бірнеше жүз адам қатысқан. Оқиғадан кейін бірден әртүрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталды. Алғашқы тергеу әрекеттерінен кейін олардың басым бөлігі босатылған.

Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша кейбір тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке қамау туралы сот шешімі шығарылды. Тағы үш Қазақстан азаматы тергеу аясында қалып отыр. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж адамдар жоқ. Барлық азаматтарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде, – деп хабарлады СІМ.

Сондай-ақ вахталық кенттің өзінде жұмысшылар мен учаске прорабтары, Ресейдің құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания және күзет агенттігінің өкілдері қатысқан кездесу өткен. Онда болған жағдай конструктивті түрде талқыланып, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін қабылданатын шаралар қарастырылған.

Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақты. Оқиғаға қатысқан екі тарапқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп толықтырды ведомство.

Оқиға қалай болды?

Threads әлеуметтік желісіндегі мәліметке сәйкес, оқиға Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Видеода бір топ адамның арасына бір сәтте жоғары жылдамдықпен көлік кіріп кеткені көрінеді.

Пікірлердің бірінде пайдаланушы жанжал қазақстандықтар мен жергілікті күзет қызметкерлері арасындағы келіспеушіліктен басталғанын айтқан.

Сондай-ақ күндіз түсірілген тағы бір видео пайда болды. Онда, болжам бойынша, кәсіпорынның күзет қызметкерлері адамдарды күштеп көлікке отырғызып жатқан сәт бейнеленген.

Еске салайық, 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысының Усть-Луга вахталық кентінде қазақстандықтардың қатысуымен төбелес болған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде қазақстандықтардың қатысуымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ, Усть-Лугадағы жаппай төбелеске вахташылар да пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх