Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың өршуіне байланысты екі аптаға демалысқа шыққан Мәскеу оқушылары дүйсенбіде мектепке қайта оралады деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірақ барлығы емес. Армения да оқушыларды күзгі демалысқа 2 апта ерте босатты. Чехия Еуропада вирус тез тарап жатқандықтан, мектептердің барлығын жапты. Мамандарды қазір балалармен қоса, ұстаздардың жағдайы да алаңдатып отыр. Ал әлемде вирус жұқтыру бойынша екінші орында тұрған Үндістан, керісінше, білім мекемелерін қайта ашты.
Дональд Трамп та мектептердің жұмысын қайта бастауға шақырып отыр. Дүйсенбіден бастап мектепке бастауыш және 5-сынып оқушылары ғана оралады.
Мамандардың айтуынша, кішкентай балалар жеткіншектерге қарағанда аз ауырады. Оның үстіне балақайларға үйде компьютермен жұмыс істеу де оңай емес көрінеді.