Ресейде жасөспірімдерді вакцинациялау қыркүйекте басталады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде жасөспірімдерге коронавирустық вакцинация 20 қыркүйекке дейін басталады, деп хабарлайды&nbsp;NEGE.</h4>

 15 Шілде 2021 2021, 00:39
15 Шілде 2021 2021, 00:39
2547

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде жасөспірімдерге коронавирустық вакцинация 20 қыркүйекке дейін басталады, деп хабарлайды nege.kz.

Бұл туралы Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай шешім балалар арасында аурудың күрделене түсу жағдайларының жиілеуіне байланысты қабылданған.

Айта кетейік, қазір Мәскеуде жасөспірімдерге «Sputnik V» вакцинасын қолдану туралы зерттеу жүргізіліп жатыр. Оған жүзге жуық бала қатысуда.

Кейбір елдерде мамыр айының соңында 12 жастан бастап балаларға Pfizer және BioNTech вакциналарын қолдануға рұқсат етілген болатын. 1 маусымнан бастап Италия мен Румынияда жасөспірімдерді иммундау басталды. 


Наверх