Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейде коронавирус жұқтырған және созылмалы дертке шалдыққан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бұл туралы Мәскеудегі коронавируспен байланысты жағдайды бақылау мен мониторингілеу жөніндегі жедел штабтың Telegram-арнасынан хабарланған.
Мәскеуде 4 пациент қайтыс болды. Оларға «пневмония» диагнозы қойылған және коронавирус жұқтырғаны да анықталды. Марқұмдардың жасы 76 мен 86-ның аралығында. Олардың барлығы жүрек-қантамырларының созылмалы дертіне шалдыққан, - деді штаб өкілдері.
Сонымен қатар, қайтыс болғандардың созылмалы пиелонефрит, демікпе, мидың созылмалы ишемиясы сияқты сырқаттары бар екендіктері де анықталған. Екі адамда қант диабеті болған. Сондай-ақ екі ем алушы тыныс алу аппаратына қосылған.
ТАСС агентігінің жедел штаб мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Мәскеуде осыған дейін инфекция жұқтырған және басқа да сырқаты бар 7 азамат қайтыс болды. Мәскеуде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 11 адамды құрап отыр.