Ресейде бір күнде 57 адам коронавирустан мерт болды

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан 57 адам көз жұмды. Барлық өлгендер саны 513 адам. Бұл туралы РФ-ның коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.</h4>

 22 Сәуір 2020 2020, 14:35
22 Сәуір 2020 2020, 14:35
1485

Алматы, BAQ.KZ. Ресейде соңғы тәулікте коронавирустан 57 адам көз жұмды. Барлық өлгендер саны 513 адам. Бұл туралы РФ-ның коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.


Сонымен қатар, соңғы тәулікте 5236 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 57 999 адамға жетіп отыр.

Бұған дейін елде 2,2 млн-нан астам коронавурусқа қарсы тестен өткені хабарланған. Бұдан бөлек тағы 145 мыңдай адам медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған.
Наверх