Ресей ТМД елдеріне жаңа ұсыныстар енгізді ме? – халықаралық сарапшы пікірі

21 Тамыз 2022, 15:33
26596
Бөлісу:
Ресей ТМД елдеріне жаңа ұсыныстар енгізді ме? – халықаралық сарапшы пікірі

Кездесудің жылы әрі достық сипатта өтуі екі ел Президентінің түйткілді мәселе бойынша ортақ шешімге келгенін білдіреді. Бұл пікіріді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Риззат Елубаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Қытай  және Батыс елдерінің бағыты бойынша әрбір іс-сапар халықаралық қауымдастықтың жіті назарында. Өйткені қазіргі әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты біздің елдің позициясы көп мемлекетті қызықтырып отыр. Ресей тарапы Сочи қаласын көбіне ресми жұмыс сапарлары мен бейресми кездесулері үшін пайдаланады. Екі ел басшыларының бұл кездесуі алдын ала жоспарланған еді. Өздеріңіз білетіндей, Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумында бірқатар сұрақ толық қамтылмағаны белгілі болды. Сочи қаласындағы кездесу осы бір сұрақтарды шешу мақсатында және екі елдің маңызды мәселелерге қатысты позициясын анықтау үшін белгіленді , - деді халықаралық сарапшы.

Халықаралық сарапшының айтуынша, Ресей тарапы ТМД елдерінің тағдыры бойынша сұрақтарды қозғайтынын және де посткеңістік аумақта интеграция үрдістерін талқылайтынын алдын ала айтты.

Оның себебі, Ресей Федерациясы аймақтық саясатын нығайтпаса, алдағы уақытта экономикалық жағдайы одан әрі күрделене түседі. Осы себептерге байланысты  дайындық ретінде ТМД елдеріне жаңа ұсыныстар енгізген секілді. Неге десеңіздер, кездесудің көбі жабық форматта өтті. БАҚ өкілдеріне тек көрші елдердің сауда-экономикалық байланыстарын нығайтып жатқаны және де стратегиялық серіктестік туралы мәлімдемелер жасалды. Ресей тарапын қызықтырған тағы бір мәселе ол –  Қазақстанның өзге экномикалық маршруттарды қарастарып жатқанында. Бұл орайда сәтті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Көрші мемлекетте бұған қатысты сұрақтар туындаған секілді, - дейді Риззат Елубаев. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен Сочи қаласында келіссөз жүргізген еді. 

Өзгелердің жаңалығы