Ресейдің СІМ теңгеден орыс тілінің алынуына қатысты пікір білдірді

23 Ақпан 2019, 12:24
2886
Бөлісу:
Ресейдің СІМ теңгеден орыс тілінің алынуына қатысты пікір білдірді

Астана, BAQ.KZ. Ұлттық валютадағы орыс тіліндегі жазбаны алып тастау туралы шешім – Қазақстанның ішкі жұмысы. Бұл туралы брифингте Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова айтты.


Мария Захарова Мәскеу республиканың орыс тілді азаматтарының құқығы мәселесі бойынша Астанамен байланыста екенін айтты, деп хабарлайды lenta.ru.

«Мәселені назарда ұстап отырмыз. Себебі бұл СІМ-нің Қазақстанға ғана қатысты емес, туған тілі - орыс тілі санаталын адамдар тұратын кеңестіктегі міндеттері мен функцияларының бірі», - деді Мария Захарова.

Атап өтсек, жұма күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының дизайнын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Енді валютада орыс тіліндегі жазбалар болмайды, олар тек мемлекеттік тілде болады. Орыс тілін тек инвестициялық және коллекциялық монеталарда қолдануға рұқсат етіледі.

Бұған дейін валюта екі тілді болатын.
Өзгелердің жаңалығы