Тяньцзиньде өткен ШЫҰ саммитінде Ресей, Қытай және Үндістан мұнай саудасын нығайтуға уағдаласты. Мәскеу үшін бұл – санкциялар жағдайында басты қолдау, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.
Ресей президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Тяньцзиньде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінде кездесті. Бұл жиын Мәскеуге өз мұнайын ең ірі тұтынушыларымен тікелей талқылауға мүмкіндік берді.
2022 жылы Украинаға басып кіруден кейін Батыс елдері Ресейге санкция салып, мұнай саудасын шектеген еді. Сол кезден бастап Қытай мен Үндістан Мәскеудің басты серіктесіне айналды. Өткен жылы Қытай Ресейден рекордтық 100 млн тонна мұнай сатып алса, Үндістанға экспорт көлемі 140 млрд долларға жетті. Екі ел бүгінде Ресейдің энергия экспортының басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр.
Аналитиктердің айтуынша, Мәскеу Қытай мен Үндістанға қосымша жеңілдіктер ұсына отырып, мұнай саудасын кеңейтуге мүдделі. Бұл әсіресе АҚШ қысымына қарамастан арзан энергия көзін қажет ететін Үндістан үшін маңызды.
Форумда тараптар тек энергетикалық әріптестікке ғана емес, сонымен қатар АҚШ ықпалына балама ұстанымды қалыптастыруға назар аударды. Сарапшылардың пікірінше, Қытай, Ресей және Үндістан экономикалық қысым жағдайында өзара ынтымақтастықты тереңдетуге мәжбүр.