Ресей Қазақстанның солтүстік облыстары үшін газ құбырын салады

Кеше, 09:54
192
Бөлісу:
Ресей Қазақстанның солтүстік облыстары үшін газ құбырын салады
Фото: pixabay.com

Ресей Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс өңірлеріне арлналған магистральдық газ құбырын салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ресей Федерациясы үкіметінің 18 ақпандағы бұйрығында айтылады.

Құжатта газ құбырының қуаты 10 миллиард текше метр, ал компрессорлық станциялардың қуаты 50 МВт болатыны көрсетілген.

2024 жылғы шілдеде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне газ тартудың екі нұсқасын қарастырып жатқанын айтты: "Сарыарқа" магистральдық газ құбырын ұзарту және Ресей тарапы газ құбырын салу арқылы.

2021 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің солтүстігін, соның ішінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газбен толық қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Газ тарту осы өңірлердің өнеркәсіп жағынан дамуына елеулі серпін береді, өңірлерді бизнес жүргізу және сол жерде тұру үшін неғұрлым тартымды етеді.

Өзгелердің жаңалығы