Ресей мен АҚШ Украина бойынша келіссөз жүргізеді – Трамп

Бүгiн, 04:18
970
Бөлісу:
Ресей мен АҚШ Украина бойынша келіссөз жүргізеді – Трамп
Фото: Allison ROBBERT/AFP

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын күндері АҚШ пен Ресей делегациясының Украина бойынша кездесуі өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Sky News жазды.

Трамп Ресей америкалық және украиналық тарап өкілдері әзірлеген атысты тоқтату жоспарымен келісетіндігіне үміт артуда.

Айта кетерлігі, бұл жоспар бойынға бағынуға Зеленский Украинаның дайын екендігін жасырмады.

Осы орайда, америкалық президент Ресейге "танго биін екі адамның билейтінін" ескертті.

Журналистердің алдында сөз сөйлеген Трамп сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйге тағы да шақыратынын айтты.

Бұған дейін екі президенттің кездесуі жанжалмен аяқталып, Зеленский АҚШ-пен минералдық ресурстар бойынша келісімге қол қоймастан кетіп қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы