Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтындағы (SIPRI) баяндамада ядролық қаруы бар елдер оны жетілдіруді жалғастырып жатқаны айтылды. Алайда 2018 жылы олар өз қару санын қысқартқан.
«Өткен жылдың басында АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израиль және КХДР-де шамамен 14 465 атом қаруы болған. 2019 жылдың басында бұл сан 13 865 құрады. Оның 2 мыңдайы әскери жоғары дайындық жағдайында тұр»,- делінген SIPRI баяндамасында.Ресей мен АҚШ барлық атом қаруы жиынтығының 90% иеленіп отыр.
«АҚШ пен Ресей арасындағы саяси және әскери келіспеушілікті ескерсек, бұл елдердің ядролық қаруды азайтуы екіталай»,- дейді SIPRI-дің ядролық қарулану бағдарламасының директоры Шеннон Кайл.
Ядролық державаның екеуі де атом қаруларын жетілдіруді, зымыранды жеткізу мен өндірісті дамытуды жалғастыруда. Өзге елдердің ядролық қарулары бұларға қарағанда анағұрлым аз. Дегенмен олар да қаруын жетілдіріп, жаңа жүйелерді енгізіп жатыр.