Ресей Еуропа Кеңесінен шығу туралы шешім қабылдады

17 Наурыз 2022, 07:17
2170
Бөлісу:
Ресей Еуропа Кеңесінен шығу туралы шешім қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың тиісті хаты Еуропа Кеңесінің бас хатшысына тапсырылды.

Бұл туралы Мемлекеттік Думаның вице-спикері, Ресей Федерациясының ЕКПА-дағы делегациясының басшысы Петр Толстой телеграмм-каналында жазды.

Еуропа Кеңесімен диалогты бұзу үшін барлық жауапкершілік НАТО елдеріне жүктеледі. Олар осы уақыт ішінде адам құқықтары тақырыбын өздерінің геосаяси мүдделері мен біздің елге шабуыл жасау үшін пайдаланды. Біздің елімізге бұрын-соңды болмаған саяси және санкциялар қысымына байланысты Ресей бұл ұйымға жыл сайынғы жарна төлеуді жоспарламайды, — деп жазды Петр Толстой.

 

Өзгелердің жаңалығы