Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гамалея атындағы орталыққа коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеуден кейін сынауға рұқсат берілді деп хабарлады РИА Новости РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресейдің әзірлеген вакацинасы COVID-19-дың алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы дәрі болды, ол "Спутник V"деп аталды. Мамандар вакцинаны Ресейдің тікелей Инвестициялар қорының қолдауымен дайындады. Сарапшылар клиникалық зерттеулер кезінде барлық еріктіде антиденелердің жоғары титрлері пайда болғанын, олардың ешқайсысында ауыр асқынулар байқалмағанын атап өтті.
Гамалея атындағы орталық басшысы Кирилл Дмитриев қор 20-дан астам елден отандық препараттың миллиард дозасын сатып алуға өтінімдер алғанын хабарлады. Сонымен қатар, ол Ресейдің бес елмен вакцина өндіру туралы келіскенін атап өтті. Оның айтуынша, қолда бар қуаттар жылына 500 миллион доза жасауға мүмкіндік береді.
Жақында Александр Лукашенконың баспасөз қызметі Беларусь ресейлік дәрі-дәрмекті жеткізетін алғашқы ел болатынын хабарлаған. Сонымен қатар, республика азаматтары сынақтың үшінші кезеңіне өз еркімен қатысады.