Ресей аумағын бақылауға арналған: Швеция алғашқы әскери спутнигін орбитаға шығарды

Швеция алдағы уақытта бұл бағытты кеңейтіп, он спутниктен тұратын әскери бақылау жүйесін құруды жоспарлап отыр.

 freepik Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
184
Фото: freepik

Швеция өзінің алғашқы әскери спутнигін орбитаға сәтті ұшырды. Жер серігі басқа міндеттермен қатар Ресей аумағындағы жағдайды бақылауға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ SVT арнасына сілтеме жасап.

Спутник АҚШ-тың Калифорния штатындағы Ванденберг ғарыш күштері базасынан ұшырылған. Мамандардың айтуынша, аппарат шамамен бір ай ішінде өзіне белгіленген орбиталық позицияға жетеді.

Швеция алдағы уақытта бұл бағытты кеңейтіп, он спутниктен тұратын әскери бақылау жүйесін құруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Швеция Қарулы күштері спутниктік деректерді негізінен одақтас елдер мен коммерциялық серіктестерден алып отыр. Жаңа жоба елдің барлау және қорғаныс мүмкіндігін күшейтуге бағытталған.

Наверх