Ресей алтыны санкцияға ұшырауы мүмкін

22 Маусым 2022, 08:27
1183
Бөлісу:
Ресей алтыны санкцияға ұшырауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақ елдері ресейлік алтынға санкция салуы мүмкін. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады.

Басылымның мәліметіне сәйкес, 23-24 маусым күндері өтетін саммиттен кейін Еуроодақ елдерінің басшылары Ресейге қарсы шектеулердің кезекті пакетін енгізуді талқылайды. 

Бұған дейін Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары санкциялардың жетінші пакеті әзірленіп жатқанын айтқан еді. Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакеті 3 маусым күні бекітілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы