Ресей 2050 жылға дейін Қазақстанға 115 млн доллар төлеп отырады

10 Маусым 2021, 11:49
3240
Бөлісу:
Ресей 2050 жылға дейін Қазақстанға 115 млн доллар төлеп отырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды.

«Байқоңыр» кешені Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.

Жалға беру туралы шешім 1994 жылы қабылданды. Бұл кезде Қазақстанның ауыр экономикалық жағдайда «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұстау және пайдалану мүмкіндігі болмаған еді. Жалдау шартына сәйкес Ресей Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағын өзінің ғарыштық бағдарламаларын орындау үшін пайдалану құқығымен ұстау жөнінде өзіне міндеттеме алды,- дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, жалға беру шартынан басқа «Байқоңыр» кешенінің қызмет етуінің түрлі мәселелерін реттейтін тағы 70-ке жуық халықаралық шарттарға қол қойылды.

Республикалық бюджетке жыл сайын «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін  Ресей 115 млн АҚШ доллар төлейді. «Байқоңыр» кешенін жалға алған 27 жыл ішінде республикалық бюджетке шамамен 3,1 млрд АҚШ доллары түсті. Тараптардың өзара мүдделерін ескере отырып, 2004 жылы «Байқоңыр» кешенін жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды,- дейді министр.


Өзгелердің жаңалығы