Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Air Astana әуе компаниясының репатриациялық ұшағы Катовице қаласының әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13:33-те қонды.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 28 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өткен болатын.
Қазақстандықтар Катовице қаласының әуежайына келіп, репатриациялық рейске тіркеуден өтіп жатыр.