Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада «STOP туберкулез!» акциясы басталғалы 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық тексеруден өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, 23 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық фтизиопульмонология орталығы қолдауымен «STOP туберкулез!» атты ауқымды қалалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына туберкулезден тексерілуді уақытында өту және ауру жөніндегі ақпаратты арттыру.
«1 қазанға дейін қалада 4 жылжымалы флюорографтың көмегімен күнделікті түрде нарықтарда (Ұлжан, Бигшанхай), сауда үйлері мен орталықтарында (Дәулет, Астаналық базар, Әлем, Жаннұр, Джаффар, Бахус, Евразия, Аружан), тұрғын аудандарда профилактикалық тексерулер өткізілді», - делінген хабарламада.
Бірінші аптада барлығы 1775 адам жылжымалы флюорографтардың көмегімен профилактикалық флюорографиялық тексеруден өтті.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тексеруден бөлек, халықпен әңгімелесу жүргізіліп, аурудың алдын алуы және алғашқы симптомдары, уақытында анықтаудың тәсілдері туралы ақпарат берілді. Бұған қоса, 7268 адамға туберкулез және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы сауалнама жүргізілді.
Сондай-ақ, қалалық емханаларда туберкулез сұрақтары бойынша ашық есік күндері өткізілді. Ауру бойынша консультациядан – 436 адам, туберкулезге деген білімі туралы сауалнамалардан – 1281 адам, флюорографиялық тексеруден 2261 адам өтті.
Айта кетейік, 1 қазаннан бастап 4 үлкен жоғары оқу орынында студенттерге тексеру жүргізу басталды: Астана медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті.
«STOP туберкулез!» акциясы 23 қазанға дейін жалғасады. Емханалардағы ашық есік күндері мен сауда орталықтарында, қала базарларында, әртүрлі тұрғын аудандарда флюорографиялық тексерулерді өткізу кестесін https://uoz.astana.kz ресми сайтынан қарай аласыз», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде.