Былтыр Қазақстаннан шетелге кеткендер саны ел тарихындағы ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл деректерді Ұлттық статистика бюросы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұсынды.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға шамамен 12,8 мың адам кетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда шамамен 20%-ға аз. Қазіргі көрсеткіш – 1991 жылдан бергі тәуелсіздіктің барлық кезеңіндегі ең төмен көрсеткіш.
Ал Қазақстанға тұрақты тұруға келгендердің саны 29,9 мың адамнан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық. Бұл тарихи рекорд емес, дегенмен соңғы рет мұндай жоғары көрсеткіш соңғы рет 2011 жылы тіркелді.
Осылайша, көші-қон сальдосы (келгендер саны минус кеткендер саны) екінші жыл қатарынан оң аймақта қалады. Шамамен 17,2 мың адам. Бұл – 2006 жылдан бергі ең жақсы нәтиже. Айта кету керек, 2012-2022 жылдар аралығында жыл сайын сальдо теріс болды. Яғни келгеннен гөрі тұрақты тұруға кеткендер көп болды.
2024 жылы қазақстандықтар көбінесе Ресей Федерациясына (10 жағдайдың 7-еуі), сонымен қатар Германияға (тағы 16%) көшті. Ал тұрақты тұруға негізінен Өзбекстаннан (10 келушінің 4-еуі) және Ресейден (иммигранттардың 27%-ы) келді. Сондай-ақ 7% жағдай Қытайдан және 5% Моңғолиядан келген адамдар.