Реформалар елді дүрбелеңге салмай, тұрақты дамуға бастау керек – Тоқаев

20 Желтоқсан 2019, 16:14
5457
Бөлісу:
Реформалар елді дүрбелеңге салмай, тұрақты дамуға бастау керек – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында саяси жүйені реформалау мен жаңғыртудың неліктен қажет екенін айтты.

Жеке кездесулер барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты жұмыстар атқарылды. Солардың көпшілігіне қатысты оң шешім қабылданды және барлығы Ұлттық кеңес хатшылығының бақылауына алынды. Әлеуметтік жұмыспен қатар саяси жүйені реформалау және жаңғыру мәселесі көпшілік назарында. Билік бұған қатысты сындарлы диалог орнатуға мүдделі, - деді Тоқаев. 
Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстарынан бөлек мемлекет тарапынан да тың бастамалар көтеріліп жатқанын атап өтті. 
Барлық ұсыныстарды талқылай отырып, ортақ пайымға келеміз деп сенемін. Ең бастысы реформалар елді дүрбелеңге салатын емес, тұрақты дамуға бастайтын қадам болуы шарт. Кейбір сарапшылар бұл мәселенің екінші орынға шығып жатқанын айтады. Бірақ біз осы салада біршама нәтижеге қол жеткіздік. Саяси бастамалардың алғашқы пакеті мемлекет тарапынан күшейтілді. Осылайша Жолдауда айтқан саяси жаңғырудың қажет екеніне ешкімнің күмәні болмауы тиіс. Реформа еліміздің тұрақты дамуына әсер етуі тиіс, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру керек екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевауыл шаруашылығына қажетті жерді игермей жатқан азаматтардың жерін қайтарып алу үшін тиісті сот процесін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыруды тапсырды. Кеңесте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында митинг ұйымдастыру кезінде хабардар ету қағидасын енгізуді қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда қысқарту болатындығы айтылды және мемлекет тек мұқтаждарға көмектесуі керек екенін, әлі күнге дейін қағаз құжаттар талап етілетінін сынға алды. 

Өзгелердің жаңалығы